Осы аптада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің отырысы өтеді. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру аясында білім беру саласына ІТ жүйелерді енгізуді талқылау жоспарланған.

Сондай-ақ, Үкімет мүшелері құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеуді енгізу мәселелері мен 2017-2021 жылдарға арналған ҚР агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша шаралар жоспарын қарастырады.

Биыл 1 наурызда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Исламабад (Пәкістан) қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) 13-ші саммитінің жұмысына қатысады. Барлық қатысушылар ұйым қызметін жаңа жаһандық және өңірлік жағдайлар тұрғысынан қарастырады деп жоспарланған.

ЭЫҰ - Иран, Пәкістан, Түркия, Ауғанстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдері кіретін еуразиялық саяси және экономикалық үкіметаралық ұйым.

Сондай-ақ, осы аптада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Шетел инвестициялары кеңесінің аралық отырысы өтеді. Отырыс барысында еңбек заңнамасы, адам капиталын дамыту, энергетика, экология және мұнайгаз саласын дамыту мәселелері қаралатын болады.

Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет үйінде ЕҚҚДБ вице-президенті П.Хэйльбронмен, сонымен қатар Аджар АР Үкіметінің Төрағасы З. Патарадземен халықаралық кездесулер өткізеді.

Алдағы аптада ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Мамин ЕЕК Үйлестіру кеңесінің және ЭКСПО шаралары бойынша ұйымдастырушылық комитетінің отырыстарын өткізеді. Сонымен қатар, кедендік-көші-қон бақылауы, индустриялық аймақтарды дамыту және әкімдердің есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша өңірлердің түйіткілді мәселелері бойынша бірқатар кеңестер өткізіледі. Бұдан өзге, А. Мамин Нұркент қаласын дамыту жоспарларын қарастыруға Алматыға жұмыс сапарымен барады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов алдағы аптада АШМ ұйымдастырушылық құрылымы, ауыл шаруашылығы машинасын құрастыруды дамыту, ҚР-да балық шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша, сонымен қатар, су тасқыны кезеңіне дайындық және көктемгі егіс жұмыстарына әзірлік мәселелері бойынша бірқатар кеңестер өткізеді.

Бұдан өзге, А.Мырзахметов «Кампофрио Фуд» (Испания) трансұлттық компаниясының өкілдерімен кездесу өткізеді және жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 27 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту