Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметі отырысы өтіп жатыр, оның барысында ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауындағы берілген тапсырмаларды орындау мақсатында білім берудегі ІТ-жүйені дамытудың негізгі бағыттары қарастырылды.

ҚР білім және ғылым министрі Е. Сағадиев бүгінгі таңда 73 ақпараттық жүйе барын баяндады. Олардың бәрі мәліметтерді 4 платформаға жібереді.

Біріншісі – ҰБМБ (Ұлттық білім беру мәліметтер базасы) – бұл білім беру жүйесі бойынша барлық әкімшілік ақпарат. Екіншісі – бұл электронды күнделік – ағымдағы үлгерім, мектептер мен ТжәнеКБ-нің академиялық ақпараты. Үшіншісі – «бұлтты» бухгалтерия – еліміз бойынша барлық білім беру ұйымдарының бірыңғай бухгалтериясы. ЖБББЖ (Жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесі) – ЖОО-лардың ақпараттық жүйесі.

73 жүйе ақпаратты 4 платформаға жеткізеді, және осы 4 платформа өзара ақпарат алмасады.

Оның айтуынша, бұл толық автоматтандыруды береді, сол арқылы әр баланың бағаларын, үй жұмысын, мұғалімнің әр сабақтық жоспарын көруге болады. Келешекте балалар контингентін, оқушы орындарының тапшылығын, мектептер құрылысының картасын жоспарлау жеңіл болмақ. Бәрі бірыңғай ақпараттық жүйеден шығады.  

Мұғалімдер сыныптарды онлайн бақылауға ие болады, қағазсыз есептілікке толық көшеді – ақпарат енді қайталанбайды. Ата-аналар баланың бағаларын, сабаққа қатысуын, үй жұмысын және оның ілгерілеуін онлайн режимде көре алады. 

«Аталған платформаларды енгізу үшін мектептердегі интернет жылдамдығын арттыру және олар үшін байланыс төлемін бірыңғай органда орталықтандыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапкершілікті жүктеу қажет», - деп атап өтті Е. Сағадиев.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 28 ақпан 2017

Мұрағат

Ақпан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту