ҚР Қорғаныс министрлігі қызмет бабында зор жетістікке жеткен әскери қызметшілерді марапаттауға арналған «Ел қорғаны» медалін бекітуді ұсынды.

«Бұл медальмен ерекшеленген әскери қызметшілерді, генералдар құрамын, офицерлерді, сержанттарды және жауынгерлерді марапаттауды жоспарлаудамыз. Бұған қоса, Қарулы күштеріміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға үлес қосқан ел азаматтары да марапатталатын болады», - деді ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов.

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткен болатыр.

БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере келе министр бұл ұсынысты Мемлекет басшысы қолдап отырғандығын баса айтты. 1 және 2-дәрежелі болатын бұл медальді үстіміздегі жылы еліміздің Қарулы күштерінің 25 жылдық мерейтойында табыстау көзделген.

«Меніңше, бұл өте дұрыс қадам. Біздің қатардағы жауынгерлерімізден бастап генералдарымызға дейін өздерінің әскери қызметтегі айрықша қызметі үшін берілетін ведомстволық медальға ие болады», - деді ол.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 10 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту