ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин жарнама мәселелеріне арналған жаңа заң жобасында қандай өзгерістер болатынын баяндады.

«Телесауданың дамуына байланысты алкоголі аз ішімдіктердің жарнамасына рұқсат беру мәселесі қаралуда», - деп атап өтті вице-министр ҚР Парламенті Мәжілісінде болған дөңгелек үстелде.

Оның айтуынша, аталмыш заң аясында, бұдан да бөлек ауқымды мәселелер қамтылатын болады. Атап айтқанда, көлік сыртындағы жарнаманы жеңілдету, мәдени нысандарға ілінген жарнама үшін әкімшілік айыппұл қарастыру жайттары да қызу талқыланып жатыр.

Талқылау барысында бірқатар қарама-қайшылықтар да табылған. Қазіргі уақытта бұл мәселелердің барлығы мүдделі тараптармен тиянақталуда.

«Маңызды қарама-қайшылықтар анықталды. Сыртқы жарнаманы ілуге берілетін рұқсатты автомобиль жолдары бойынша ұлттық оператор береді, үрдіс жүріп жатқанмен, заңда орналастыру және хабарламалар беру жөнінде ештеңе айтылмайды. Ол рұқсатты жарнама беруші мен жарнама орналастырушы алуы керек па, ол да анықталмаған. Көріп отырғаныңыздай, бүгінгі тәжірибе ала-құла болып отыр», - деді ол.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 10 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту