Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында елдегі еңбек нарығын дамыту мәселелері талқыланды. Сарапшылар - «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Ж. Күлекеев пен «Сентранс» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Е. Әбдразақовтың ұсынған жұмыспен қамту саласын жетілдіру жөніндегі ұсыныстары қаралды.

Пікірталастар барысында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы К. Келімбетов, «Ракурс» экономикалық талдау орталығы" қоғамдық қорының директоры О. Жандосов, «Қоғамдық мәселелерге талдау жасау орталығы» қоғамдық қорының директоры М. Махмұтова, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы С. Мәдиев, «Oil Gas Project» ЖШС директоры Ж. Ахметов, «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің бәсекеге қабілеттілік орталығының жетекшісі А. Боранбаев сөз сөйледі.

Отырыс қорытындысын шығара отырып, ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев тиісті мемлекеттік органдарға жұмыспен қамту саласын жетілдіру жөніндегі жұмыстарға қолдану үшін сарапшылардың ұсыныстарын қарастыруды тапсырды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 10 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту