Осы аптада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы, сонымен қатар бірқатар әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі нормативті-құқықтық құжаттар қаралатын ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізеді.

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша 16-17 наурызға ҚР Премьер-Министрінің Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары жоспарланған. Жұмыс сапары барысында Б. Сағынтаев өңірдің бірқатар индустриялды нысандарын аралайды және Семей қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» бөлімшесінің қызметімен танысады. Бақытжан Сағынтаев индустриялды нысандардың қызметкерлерімен және жастармен кездеседі деп күтілуде.

Осы аптада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Telia Company» Президенті Й. Деннелиндпен және «Tele2 AB» компаниялар тобының президенті Э. Кёркбаймен цифрлық Қазақстан бағдарламасын талқылауды көздейтін бірқатар халықаралық кездесулерді жоспарлаған.

Осы аптада, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин мемлекеттік бақылау және қадағалау қызметтеріне тексеріс жүргізу жөніндегі жұмыс тобының отырысын, сонымен қатар әуежайлардың қызметі, шағын авиацияны дамыту, «ИТП» арнайы экономикалық аймағы мәселелері жөнінде кеңестер, жүйе құраушы кәсіпорындармен селекторлық кеңес және индустриалды аймақтар мәселелері бойынша кеңес өткізеді.

Бұдан өзге, Асқар Мамин ЕЭК мен ТМД экономикалық кеңесінің отырысына қатысу үшін Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барады.

Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізеді. Осы аптада А. Мырзахметов аграрлық саясат жөнінде кеңес отырысын өткізеді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 13 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту