ЭКСПО-2017 ұйымдастырушы кеңсесінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, бұқаралық ақпарат құралдары басшыларының қатысуымен жиналыс өтті.

Ахметжан Есімов Елбасы  2015 жылдың 13 шілдесінде берген  тапсырмасын бұлжытпай орындаудың қажеттілігін, оған көрменің сапалы өтуі тікелей  байланысты екендігін жеткізді.

Мамандандырылған көрме Қазақстанның халықаралық дәрежесін нығайтуға көп септігін тигізеді. Сонымен қатар,  кездесу барысында тағы бір басты мәселе талқыланды. БАҚ өкілдері ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты сауатты әрі кәсіби түрде жүргізіп, басылымдар мен редакциялық саясаттың бірегейлігін қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.

«Қазақстанның беделі бұл шараның қалай өтетініне байланысты екенін түсінеміз», - деп атап өтті Дәурен Абаев.

 Кездесу қатысушыларының пікірінше, көрме дамуына байланысты кешенді бағдарлама дайындалып,  ол қарапайым халыққа республикалық БАҚ өкілдерінің тұтыну қызығушылығы  бойынша жұмыс жасайтын болады. 

ҚазАқпарат

Жарияланды: 13 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту