Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Fraunhofer қолданбалы зерттеулер институтының жəне Швецияның Сауда және инвестициялар жөніндегі кеңесінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік" атты халыққа Жолдауын іске асыру аясындағы төртінші өнеркәсіптік революция элементтерінен тұратын, өнеркәсіптің базалық салаларын 2025 жылға дейін технологиялық қайта қаруландыру жөніндегі кешендік шараларды əзірлеу бойынша ынтымақтастық келешегі талқыланды.

Анықтама:

Fraunhofer - өнеркәсіптік автоматтандыру институты, жаңа материалдарды зерттеу институты, зияткерлік жүйелер институты секілді шамамен 69 институтты біріктіретін, 24,5 мың қызметкер (негізінен инженерлік білімі мен жаратылыстану ғылымдарының білімін алғандар) еңбек ететін өнеркәсіптегі қолданбалы зерттеулердің ірі еуропалық институты.

Институт Индустрия 4.0 элементтерін енгізуде маңызды рөл атқарады. Германия Индустрия 4.0 тұжырымдамасының негізін қалаушы жəне бүгінгі таңда оның элементтерін енгізуден көшбасшы елдердің бірі.

Business Sweden - Швеция Үкіметі мен өнеркәсіптік кәсіпорындар қауымдастығымен құрылған Швецияның Сауда және инвестициялар жөніндегі кеңесі. Аталған кеңес тау-кен өндіру компанияларының Швецияның жоғарғы технологиялы компаниялары мен ғылыми-зерттеу институттарымен инновациялық өзара іс-қимыл платформасы болып табылатын Mining for Generations бағдарламасының операторы.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 27 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту