ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тез салынатын аз қабатты несиеге берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша пилоттық жобаны аралады.

Нысанды аралау барысында Б.Сағынтаевқа «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабындағы тұрғын үйлерді салу барысы, жобалық шешім ерекшеліктері және берілетін пәтерлер сапасы туралы баяндалды. Нысандардың құрылысында пайдаланылатын материалдардың 65% жергілікті кәсіпорындарда өндірілетінін айта кеткен жөн.

Барлығы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысында 2017 жылы 500-ден кем емес аз қабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр, бұл тұрғын үй кезегінде тұрған 700-ден астам отбасыны қолайлы баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл осы өңір үшін ерекше өзектілікке ие, себебі ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша, мұнда ауқымды агломерация дамып, Ақтөбе қаласы заманауи урбанистік орталыққа айналуы тиіс.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Н. Назарбаев өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруды Үкіметтің таяу келешектегі басымдықты міндеттерінің бірі ретінде атап көрсеткен, себебі бағдарлама алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.

Айта кету керек, Бағдарламада тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді шаралары қамтылған. Бұл - құрылыс салушылар үшін мемлекеттің субсидиялауды ұсынуы есебінен банк несиелерін арзандату, сонымен қатар халыққа арналған ипотекалық несиелерді субсидиялау.

www.primeminister.kz

  

Жарияланды: 30 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту