ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Ақтөбе ферроқорытпа зауытына барды.

Зауытты аралау кезінде ҚР Премьер-Министрі өндірістің жұмысы мен кәсіпорынның бұдан кейінгі жоспарларымен танысты. Сонымен қатар Б. Сағынтаев зауытта жұмыс істеп тұрған пештерді көріп, дайын өнім тиелетін бөлімде болды.

Айта кету керек, зауыт пен тау-кен байыту комбинатында шикізатты өндіру, оны өңдеу және металл дайындауға дейінгі толық циклді жұмыстар жүргізіледі. АФЗ жылына шамамен 300 мың тонна ферроқорытпа шығарады.

Нысанды аралау қорытындысы бойынша Б. Сағынтаев облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгілеген тапсырмаларын жүзеге асыруға өз үлесін қосу үшін барлық қажетті мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, өндіріске Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс элементтерін, оның ішінде, автоматтандыруды, роботтандыру, «үлкен көлемді деректермен алмасу» және т.б. ендіре алады.

Айта кету керек, ҚР Премьер-Министрі өңірлерге жұмыс сапары кезінде еліміздің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралауға және өндірісті технологиялық жаңғырту мәселелері бойынша еңбек ұжымдарымен кездесу өткізуге баса назар аударады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 30 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту