ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында жылына 70 мың тоннаға дейін жүк қабылдап, өңдеуге қауқарлы Ақтөбе көлік-логистика орталығына барды.

Нысанды аралау барысында ҚР Премьер-Министрін орталық жұмысының тетігімен, азық-түлік өнімдерін сақтау жағдайлары мен қаптау цехының жұмыстарымен толығырақ таныстырды. Бұдан өзге, Б. Сағынтаевқа ҚР Президентінің Жолдауында берілген тапсырмаларды ескере отырып, облыстың логистикалық әлеуетін дамытудың, жүк және жолаушылар ағынын ұлғайтудың жоспарлары мен көрсеткіштері туралы ақпарат берілді.

Ақтөбедегі көлік-логистика орталығы – бұл Батыс Қазақстан өңірлерін қамтитын, «А» санатты дайын өнімдерді өткізу қоймасы. Мұнда цифрлық технологиялардың көмегімен тауарларды бақылаудың барлық тізбегі компьютерлендірілген, бұдан өзге мұнда бакалея өнімдерінің (қант, күріш және жармалар) 40 позициясын қаптайтын цех желісі мен тауарды тиеп, түсіріп алатын теміржол тармағы бар. Барлығы КЛО жылына 70 мың тоннаға дейін жүк қабылдап, өңдейтін болады.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы жаңа Еуразиялық логистикалық инфрақұрылымның дамуын еліміз үшін таяу келешектегі маңызды басымдықтардың бірі ретінде белгіледі. Осы орайда ҚР Үкіметі жүк транзитінің еркіндігін қамтамасыз ету, көлік дәліздерін құрып, жаңғырту, сонымен қоса сервис деңгейін арттыру мен әкімшілік кедергілерді жою бойынша кешенді жұмыстар атқаруда.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 30 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту