ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында «Үй құрылысы комбинаты» ЖШС үй құрылысы комбинатына барды.

Нысанды аралау барысында ҚР Премьер-Министрі өндірістік желілерді аралап, үй құрылысына қажетті панельдер мен құрастырылымдар өндірудің технологиялық үдерісі туралы баяндаманы тыңдады. Сонымен қатар, Б. Сағынтаевқа ҮҚК технологиясы бойынша тұрғызылған жеке тұрғын үй макетін таныстырды.

Айта кету керек, осындай кәсіпорындар өңірде «Нұрлы жер» жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруда маңызды рөл атқарады. Комбинат ірі панельді құрылыстың арнайы технологиясы бойынша аражабын тақталарын, қабырға панельдерін, үй асты қоймаларын, баспалдақ аралықтарын шығарады. Сонымен қоса мұнда бұйымдар толығымен даяр болып шығады.

Биыл комбинаттың көмегімен Б. Сағынтаев бұған дейін барып қайтқан «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында бірқатар аз қабатты несиеге берілетін тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда кәсіпорында аталған үйлердің құрылысына қажетті өнімді шығару жұмыстары жүргізілуде.

Барлығы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысында 2017 жылы 500-ден кем емес аз қабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр, бұл тұрғын үй кезегінде тұрған 700-ден астам отбасыны қолайлы баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 30 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту