«А» корпусы лауазымдарының саны қысқарады. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров осылай мәлім етті.

«Бастапқыда «А» корпусына 1 204 адам алынды, қазіргі кезде резервте 127 адам тұр. Яғни қалғандары қызметке орналасты. Бүгінде «А» корпусының 39 лауазымы бос. Осы тұрғыда не істеу керек? Біріншіден, біз «А» корпусына жататын лауазымдарды қысқарту бағытындамыз. Бұл баршамыздық ортақ пікіріміз деп ойлаймыз. Осы орайда «А» корпусында басқарушылық әрі орналастырушылық шешімдерді қабылдайтын адамдар болуы тиіс деген тұжырым бар. Олар кімдер? Бүгінгі тізімде жауапты хатшылар, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар аппараттарының жетекшілері, орталық меморгандар комитеттерінің төрағалары, аудан әкімдері қамтылған. Қалған лауазымдарды босатамыз және Жарлықтың келісілген жобасы Мемлекет басшысының қол қоюына енгізілді»,-деді Қожамжаров «Нұр Отан» партиясында өткен мемлекеттік қызметті реформалау мәселелері жөніндегі партиялық тыңдаулар барысында.

Биылғы ақпанда Қайрат Қожамжаров Президентке «А» корпусын жетілдіру ұсыныстары таныстырылатынын хабарлаған болатын. 

«Жинақталған тәжірибені ескере отырып, «А» корпусы басқарушылар институтын жетілдіру қажеттілік етеді. Президент Әкімшілігімен бірлесе тұжырымдамалық ұсынысты әзірледік және ол Мемлекет басшысының қарауына енгізіледі. Бұл өз кезегінде «А» корпусында лауызымдар санын қысқартуға қатысты болады»,-деп айтқан болатын агенттік төрағасы.

ҚазАқпарат 

Жарияланды: 30 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту