Бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы  шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы Динара Сәдуақасованы қабылдады.

Танымал шахмат ханшайымы министрге жаңа жетістіктері жөнінде баяндады. Осы жылы Динара Вьетнамда өткен HD Bank Cup International Open Chess 2017 халықаралық турнирінде әйелдер арасында бірінші орын алып, өзінің рейтингіндегі орнын жақсартқан болатын. Рейтингтегі беделі өскен Динара Сәдуақасова әлемнің 30 үздік әйелдерінің қатарына енген алғашқы қазақстандық шахматшы болды.     

Министр мен шахматшы жастарды шахматқа баулу арқылы спортқа тарту, елдегі бұқаралық спортты дамыту мәселелерін талқылады.   

Динара Сәдуақасова елімізде шахматты насихаттаумен белсенді айналысады. Өткен жылы Астанада Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы ашылды. 2013 жылдан бастап Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері мен оқытушыларының бастамасы бойынша Динара Сәдуақасованың шахмат клубы ашылған. Университет жыл сайын  «Гроссмейстер Сәдуақасованың кубогы» шахмат турнирін өткізеді.

Қазақстандық шахматшы сондай-ақ, «Шахматтағы алғашқы қадам» атты өзінің кітабын қайта шығармақшы. Бұл туынды көптеген жас шахматшылар үшін сүйікті кітапқа айналған.

А. Мұхамедиұлы спортшы қыздың белсенді қоғамдық көзқарасын қолдады.

«Шахмат арқасында біздің балаларымыз мен жасөспірімдеріміз ой-өрісін, эмоциялық тұрақтылығын дамытып, стратегиялық және тактикалық ойлану, сабырлы болуды, есте сақтау қабілетін, сондай-ақ үйлесімді физикалық және интеллектуалдық дамуын қалыптастыра алады» - деп атап өтті министр.

Әңгіме барысында Динара бос уақытында шахматтан басқа, музыка, жүзумен айналысып, тілдер үйренетіндігін атап өтті. Ол сондай-ақ, П. Чайковский атындағы музыкалық мектепті фортепиано классы бойынша үздік бітірген.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 30 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту