Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Отырыс барысында Ұлттық компания қызметінің ұйымдастырушылық мәселелері қаралды. Компанияның штат саны мен құрылымы бекітілді, тәуелсіз директорлары сайланды, компанияның басқарма төрағасының лауазымына кандидатура мақұлданды. Бұл қызметке бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті болған Мақсат Қабашев тағайындалды.

«Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің негізінде құралған. «Kazakh Invest»-тің негізі міндеті - Қазақстан Үкіметі атынан ірі инвесторлармен және мақсатты трансұлттық компаниялармен бірегей келіссөз жүргізуші ретінде іс-қимыл жасау.

Анықтама:

Қабашев Мақсат Рахымжанұлы 1967 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келген. 1991 жылы Мәскеу ормантехникалық институтында инженер–технолог мамандығын аяқтаған. 2001 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай-газ өнеркәсiбiнiң машиналары мен жабдықтары»: инженер–механик мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004 жылы Массачусетс техникалық институтын (MIT), Sloan Business school-ды АҚШ-тың Кембридж қаласында аяқтаған. Іскери әкімшіліктендіру магистрі (MBA).

Ол 1992 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтында еңбек жолын бастаған. Түрлі жылдары әртүрлі басқарушылық лауазымдарда «Вист» ЖШС, «Акцепт-клиринг» ЖАҚ, «Қазмұнайхимия» ААҚ, «Қазақгаз» республикалық компаниясы» ЖАҚ, «Қазақойл» ТМК» ЖШС, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Стресті активтер қоры» АҚ, «Альянс Банк» АҚ және «Қазақстан қор биржасы» АҚ компанияларында қызмет етті. Сондай-ақ, М. Қабашев ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде жауапты қызметтер атқарған. 2015 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі таңға дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті қызметін атқарған.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 31 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту