Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ЭКСПО-2017-ге дайындық және оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың жұмыс штабтарының Астанада өтетін ЭКСПО-2017-ге дайындық жұмыстары қаралды. Көрме ісін алға жылжыту, еріктілер қызметі, қазақстандық компаниялардың қатысуы, сонымен қатар көрме аяқталғаннан кейін көрме павильондарының орындарын пайдалану мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі жауапты мемлекеттік органдарға ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуіне даярлық жұмыстарын бақылауда ұстауды тапсырды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 31 наурыз 2017

Мұрағат

Наурыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту