Орталық Азия мемлекеттерінің Сыртқы істер министрліктерінің басшылары Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығын талқылады, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Өзбекстан астанасында өткен «Қазақстан-Өзбекстан-Тәжікстан-Түркменстан-Қырғызстан» бес бағытты кездесуден соң.

«Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуына бауырлас мемлекеттер мен Орталық Азия елдері ерекше қызығушылық танытып отырғаны белгілі. Олар бізге сайлауалды науқан барысында үлкен қолдау көрсетті, енді халықаралық ұйымның мүшесі ретінде біздің міндетіміз Орталық Азия атынан өкілдік ету болып табылады. Басты мәселе осында. Осыған байланысты біз 2016 жылдың қыркүйек БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында негізі қаланған, Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуін ұйымдастыру дәстүрін жалғастырдық. Бұл кездесу Қазақстанның бастамасымен ұйымдастырылып отыр және бүгін Орталық Азия мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің екінші бейресми кездесуі өтті»,-деп атап өтті, Әбдірахманов.

«Бүгін мен одақтастарымызға Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болған 100 күнде атқарған жұмыстарынан хабардар ету мәртебесіне ие болдым. Бізге бүгін өңір бойынша серіктестерімізбен болашақ қадамдарымыз бойынша да пікір алмасып алу қажет. Өйткені Қауіпсіздік Кеңесінде Орталық Азия елдерінің мүддесіне қатысты көптеген мәселелер қаралады. Мысал ретінде көршілес Ауғанстаннан келетін трансұлттық бағыттағы қауіптерді алуға болады. Біз бұл мәселені жан-жақты талқыладық және Ауғанстанды өзіміздің бейбіт өмірдегі шаруашылық жүйесіне тартып, оларға осы уақытта кездесіп отырған қиындықтарды еңсеретіндей белсенді көмек көрсетуді жалғастыру қажет деп отырмыз»,-деді ҚР СІМ басшысы.

«Қазақстан 2018 жылдың қаңтарында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді. Осыған байланысты біз Орталық Азия елдерінің өкілдерімен төрағалығымыздың күн тәртібі бойынша пікір алмастық. Атап айтқанда, біз Ауғанстандағы жағдайды назарға ала отырып, Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайту тақырыбында министрліктер деңгейінде дебат ұйымдастыру қажет деп шештік. Біз өзіміздің орталықазиялық серіктестеріміздің тарапынан көптеген ұсыныстар мен кеңестерді естідік. Олар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылдың қаңтар айындағы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелеріне жолдаған саяси Үндеуінде де айтылды. Онда Елбасы біз үшін Орталық Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздіктің, ынтымақтастық пен дамудың аймағын қалыптастырудың басым бағыттардың бірі болып табылатындығын атап өтті. Бүгін біз әріптестерімізбен бірге қазақстандық төрағалықтың осы бір басымдығын тағы қандай мәселелермен толықтыруға болатындығын тағы бір талқыға салдық»,-деп атап өтті Әбдірахманов.

Айта кетейік,Ташкентте ТМД мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің кезекті мәжілісі өтіп, онда 15 құжат қаралды. Аталмыш шарада Қазақстан атынан ҚР СІМ-нің басшысы Қайрат Әбдірахманов өкілдік етті.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 10 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту