Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы жекешелендіру бағдарламасын одан әрі іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

ҚР Премьер-Министрі жекешелендіру нысандарын өткізудің жаңа кестелері қайта бекітілгенін, сондай-ақ әр нысан бойынша Жол карталары оларды өткізудің нақты мерзімдерімен Мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізілгенін атап өтті. Осыған байланысты мемлекеттік органдарға және холдингтерге бекітілген кестелерді нақты сақтауды қамтамасыз ету қажет.    

Сондай-ақ, бүгін мемлекеттік меншікте қалуы тиіс нысандар тізімін жасау бойынша жұмыс жүргізілуде. Оған қоса, «Yellow Pages» қағидаларына сәйкес келмейтін жүзден астам нысан жекешелендіруге жататын нысандар тізіміне қосымша енгізіледі. Мемлекеттік меншіктегі қалған нысандар жабылуы немесе қайта ұйымдастырылуы тиіс.

Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрі мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге және ұлттық холдингтерге ағымдағы жылдың соңына дейін аталған жұмысты аяқтауды тапсырды.

Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мемлекеттік қатысуы бар барлық нысандарды оларды бәсекелі ортаға беру мақсатында түгендеуді тапсырғанын еске салды.

Ұлттық экономика министрлігі жүргізген жұмыс қорытындысы бойынша бәсекелі ортаға беруге тиісті нысандардың тізімі өзектендірілді. Сол себепті жауапты мемлекеттік органдарға осы бағыттағы алдағы жұмысты бақылауда ұстау қажет.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 10 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту