Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев аймақтардағы әкімдіктер мен жауапты мемлекеттік органдарға су тасқыны жағдайын ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Негізгі күн тәртібін талқылауға көшпес бұрын ҚР Премьер-Министрі ҚР ішкі істер министрінің, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының аймақтардағы қазіргі су тасқыны жағдайы бойынша, сонымен қатар төтенше жағдайларға жол бермеу шаралары жайлы баяндамаларын тыңдады.

Бақытжан Сағынтаев қазіргі кезде еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында қар жылдам еріп жатқанын атап өтті, соған байланысты су қоймаларында су деңгейі күрт көтеріліп, елді мекендер мен жолдар су астында қалып жатыр.

ҚР Премьер-Министрі әкімдіктер мен жауапты мемлекеттік органдарға төтенше жағдайларға жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, аталған мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 18 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту