ҚР Үкіметі Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстанның 2017 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қарастырды.

ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов Қазақстан экономикасында 2016 жылдың І жартыжылдығында қатты байқалған сыртқы негативті сын-тегеуріндер бүгінде толығымен жойылғанын атап өтті. Осыған орай, Қазақстан экономикасының жаңа сыртқы жағдайларға бейімделу кезеңінің аяқталып, қалпына келтіру өсіміне қарай ауысқанын атап айтуға болады.

Алдын-ала деректер бойынша, 2017 жылдың І тоқсанында елдің ЖІӨ 3%-ға өскен, ал өткен жылдың ұқсас кезеңінде азғантай қысқару байқалған болатын. Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және сауда салалары экономика өсімінің драйверлеріне айналды.

Өнеркәсіп саласы 5,8%-ға ұлғайтылып, оң нәтижесін көрсетті, өткен 2016 жылдың сәйкес кезеңінде 0,8%-ға төмендеу байқалған болатын. Биылғы жылдың басында тау-кен өнеркәсібі нашар көрсеткіштерден жақсы көрсеткіштерге ауысқан және өнеркәсіптік өндіріс қарқынында үдерісті жалғастыруда.

Есеп беру кезеңінде 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5% төмендеуге қарағанда, мұнай өндіру көлемін 5,2%-ға, темір кенін -11,4%-ға, көмірді 17,4%-ға арттыру есебінен өндіріс көлемі 5,6%-ға өскен.

Аралық және түпкілікті сұранысқа қызмет көрсететін өңдеу салалары қаңтар-наурыз айларында өткен жылдың көрсеткіштерінен едәуір жоғары өсім қарқынын көрсетті. Өңдеу саласындағы өсім – 6,5%-ды құрады. Металлургия өнімдерін 7,1%-ға, азық-түлік өнімдерін 3,4%-ға, мұнай өңдеуде - 17,2%-ға, машина жасау саласында – 1,8%-ға ұлғайту есебінен өсім қамтамасыз етілді.

ЖІӨ серпініне ауыл шаруашылығында өндірістің 2,9%-ға артқаны да оң әсерін тигізді. Бұдан өзге, құрылыс саласы да экономика өсімінің драйвері болып қала бермек. Есеп беру кезеңінде құрылыс жұмыстарының көлемі – 7,1%-ға өсті, тұрғын үйлерді пайдалануға беру – 25,3%-ға артты.

«Нұрлы Жол» және «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламалары аясындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру нәтижесіндегі құрылыс жұмыстарына деген жоғарғы сұраныс инвестициялық белсенділікке оң әсер етуде. Негізгі капиталға инвестиция көлемі 3,1%-ға өсті.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 18 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту