17-18 сәуірде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында  Дәурен Абаев Беларусь Республикасының «Жоғары технологиялар паркінде» болып, парктің және IT саладағы бизнес-инкубаторлардың жұмысымен танысты.  Парк басшылығымен кездесу соңында ЖТП мен «Зерде» холдингінің арысында тығыз ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу бойынша келісімге қол жеткізілді.

Бұдан бөлек, министр Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың Байланыс әкімшіліктері басшылары кеңесінің 52-отырысына  және ТМД-ға мүше мемлекеттердің ақпараттандыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің 23-отырысына қатысты.

Байланыс саласындағы өңірлік достастық отырысы шеңберінде Қазақстанның Ақпарат және коммуникациялар министрі Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан елдері байланыс әкімшілігінің басшыларымен, сондай-ақ Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысы Х.Чжаомен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Сонымен қатар, Дәурен Абаев Еуразиялық экономикалық одақтың Цифрлық күн тәртібін әзірлеу жөніндегі ЕАЭО уәкілетті органдары басшыларының отырысына қатысты. Отырыс барысында тараптар бірлескен цифрлық жобаларды әзірлеу мәселелерін қарастырды.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 19 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту