ЭКСПО кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жиналыс өткізді.

Екі тарап ЭКСПО-2017 көрмесіндегі еліміздің ұлттық павильонындағы дайындық жұмыстары жайлы талқылады. «Қазақстан» павильоны басты екі аймаққа бөлінген, олар - Қазақстанмен танысу және «Жасампаз энергия» аймақтары.

Павильонның бірінші бөлігінде еліміздің ландшафты, мәдениеті, тарихы, болашақта қолға алынатын жобалары көрсетіледі. «Жасампаз энергия» аймағында көрмеге сай тақырыпты қамтитын отандық ғалымдардың ең үздік жобалары көрсетіледі. Сондай-ақ, Елбасының энергетика саласындағы және қоршаған ортаны қорғау тақырыбындағы бастамалары да қамтылады. Одан өзге, ұлттық павильонымыздың орталық бөлігінде еліміздің өңірлерінде жүзеге асқан және қолға алынған «Жасыл экономика» мен «Токамақ термоядролық материалтану реакторы» жобалары да таныстырылды.

Токамактың ITER деңгейіндегі энергияға қосылған материалдарды сынақтан өткізуге және зерттеуге арналған термоядролық қондырғы екенін, сондай-ақ болашақ энергиялық термоядролық реакторлар жобасы екенін естеріңізге сала кетейік.

ҚазАқпарат 

Жарияланды: 19 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту