Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың басшылығымен «Көктем-2017» мерзімді әскери қызметке шақыру науқанын ұйымдастыру мәселелері бойынша селекторлық кеңес өтті.

Оған ҚР ҚК Бас штабы және Қорғаныс министрлігінің салалық бөлімшелерінің басшылары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектерінің, ҚР ҚК өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшылары, сондай-ақ облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары - шақыру комиссияларының төрағалары, облыстық, Астана және Алматы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің басшылары қатысты.

Жиналыс барысында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер және әскери құрылымдарды мерзімді қызметтің әскери қызметшілерімен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды және Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облыстық жергілікті әскери басқару органдарының шақыру комиссияларын тексеру жұмыстары қорытындыланды.

ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру және жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Мүслім Даиров атап өткендей, бұл кеңейтілген селекторлық жиналыс әскерге шақыруды ұйымдастыру барысындағы тапсырмаларды сапалы түрде орындауға бағытталған.

Жиналысты қорытындылай келе, әскери ведомство басшысы жергілікті әскери басқару органдарының басшылығына мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды сапалы түрде іріктеу жұмыстарына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар қойды.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 21 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту