Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі №218 қаулысымен Бәкенов Ернар Бағытжанұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.
Бәкенов Ернар 1974 жылы 25 қазанда Қарағанды қаласында туған. 1996 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Карағанды мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Қарағанды қаласындағы Халық банкінің Ленин аудандық филиалында бақылаушы-кассир болып бастаған.  
1997-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің кедендік рәсімдеуді бақылауды ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі, бас инспекторы, бастығы лауазымын атқарды.
2008-2012 жылдар аралығында «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Сыртқы сауда саясатын және сауданы дамытуды талдау департаментінің бас сарапшысы, директордың орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.
2012 жылдан 2017 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық экономикалық интеграциялар департаментінің директоры болды.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен (2011), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2014), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен (2016) марапатталған.
Үйленген, екі баласы бар.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 21 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту