Биыл университеттер жанындағы әскери кафедраларда білім алған түлектер Қарулы күштер қатарына шақыртылады. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов мәлім етті.

«Әскери білім алған резервке ерекше назар аударылып отыр. Азаматтық жоғары оқу орындарының жанындағы 29 әскери кафедраларда тіркелген 70 мамандық бойынша дайындық жүріп жатыр. Жыл сайын әскери кафедралардан 3 700-ден астам запастағы офицерлер түлеп шығады. Біз бүгінде қайта бағдарлау шараларын жүргізіп, бірқатар кафедраларда қазіргі заманғы мамандықтарға мән беріп отырмыз. Осы орайда олар ІТ-технололгия, ақпараттық қауіпсіздік мамандықтарына бағыт алды. Менің ойымша, бұл мамандар сұранысқа ие болады. Ағымдағы жылы әскери кафедралардың түлектерін ерікті негізде келісімшарт бойынша Қарулы Күштер қатарына шақыруды тапсырдым»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бұл тұрғыда ЖОО-лар жанындағы әскери кафедралар түлектерінің білімі тексерістен өтетін болады.

«Бізде әскери дірігерлер, артиллеристер мен байланыс мамандары бойынша біршама тапшылық бар»,-деді Жасұзақов.

Оның сөзіне қарағанда, Қарулы күштердегі мамандықтардың барлық түрлері ҚР Қорғаныс министрлігінің үш әскери оқу орнында даярлайды. Жыл сайын әскери институттар 650 офицерді оқытып шығарады. Техникалық және кәсіби білімді Кадет корпусы қамтамасыз етеді.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 24 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту