Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясында халыққа мемлекеттік қызметтер ұсыну үдерістерін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді.  

Кеңес барысында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістеріне жаңа технологиялар енгізу мәселелері талқыланды.  

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістері барынша оңтайландырылуы тиіс екенін атап өтті. Мерзімдерді және құжаттар тізімін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жойып, міндетті жеке қатысуынсыз электронды форматқа көшіру қажет. Осындай бағыттардың бірі қызмет алушының қатысуынсыз проактивті қызмет көрсетулерге көшу болуы тиіс.

Анықтама:

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы Қаулысымен құрылған және фронт-кеңселер, өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары, ұтқыр ХҚКО-тары, пошта байланысының ауылдық бөлімшелері арқылы қызмет көрсететін бірыңғай мемлекеттік қызметтердің провайдері болып табылады.

Қазіргі уақытта Қызмет көрсету тізілімінде 723 мемлекеттік қызмет бар, Мемлекеттік корпорация арқылы олардың 548-і қолжетімді, олардың 75% астамы «бір терезе» қағидасы арқылы қызмет көрсетеді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 24 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту