Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасымен әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

ҚР әділет министрі М. Бекетаев заң жобасының мақсаты – заңнамалық актілерді Конституцияның жақында енгізілген түзетулеріне сәйкес келтіру екенін, соған орай 7 кодекс пен 46 заңға өзгерістер енгізу талап етілетінін мәлім етті.

ҚР қылмыстық кодексінің бірқатар бабына, азаматтық туралы, шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы, халықтың көші-қоны туралы, ұлттық қауіпсіздік туралы, волонтерлік қызмет туралы заңдардың нормаларына өзгерістер енгізіледі.

Бұдан өзге, «Құқықтық актілер туралы», «Прокуратура туралы» заңдарға және сот жүйесі қызметін реттейтін заңға түзетулер енгізілетін болады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 25 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту