Қазақстан легионер футболшыларға бюджет қаржысынан жалақы төлеуді доғарады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде «Дене тәрбиесі және спорт мәселелері бойынша ҚР-ның бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» заң жобасын талқылау барысында Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков мәлім етті.

Оның айтуынша, заң жобасына сәйкес саралау жолымен спорттың басымдыққа ие олимпиадалық түрлері қаржыландырылатын болады. Сондай-ақ 5  өлшем бойынша анықталып, олардың негізі халықаралық деңгейдегі жетістіктер болмақ. Мұнан бөлек, мемлекет қарызын бөлудегі жауапты орган еліміздің Ұлттық олимпиада комитеті болып бекітіледі.

«Біз тарихта алғаш рет мемлекеттік тапсырманы министрліктен Ұлттық олимпиадалық комитетке бермекпіз. Бұл олимпиадалық спорт түрлері федерацияларын дамыту үшін жасалып отыр. Әрине, бұл спорттың басқа түрлері қаржыландырусыз қалады дегенді білдірмейді. Дегенмен қазіргідей өз қалауыңмен 100 пайыз бюджеттің 40-45 пайызын, кейбір облыстарда 50 пайызына дейін кәсіби футбол клубтарын ұстап тұруға жұмсай алмайсыз», - деді вице-министр.

Өз кезегінде ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов кәсіби футбол клубтарының өздерінің демеушілері бар екендігін баса айтты. 

«Осы заңмен бюджет қаржысы есебінен легионерлерге жалақы төлеуді мүлдем доғармақпыз. Егер легионер шақырғың келсе демеуші, жеке қаражат  тап. Саралау жолы арқылы спорттың басымдыққа ие  түрлеріне қаржыландыруды арттырғымыз келіп отыр. Мәселен байдарка мен каноэ есу  Оңтүстік Қазақстан облысында басымдыққа ие болғанымен барлық құрылымдарда іске қосылмаған. Балалар-жасөпірімдер спорт мектебінде, облыстық интернатта, олимпиадалық резерв дайындау орталығы мен жоғары спорттық шеберлік мектебінде байдарка мен каноэ есуден сыныптар болуы қажет. Яғни сабақтастық болуы тиіс», - деді Елсияр Қанағатов.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 25 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту