Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 22-23 сәуірде Вашингтонда Халықаралық Валюта Қоры және Дүниежүзілік банктің алаңында ірі халықаралық қаржы институттары, рейтингтік агентттіктер, шетелдік экономикалық ведомство және іскерлік орта өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

ҰЭМ министрінің АҚШ-қа сапары американдық-қазақстандық бизнес-қауымдастық (USKBA) өткізген америкалық бизнес-қоғамдастықтың дөңгелек үстеліне қатысумен басталды. Тимур Сүлейменов АҚШ бизнесмендерінің алдында сөз сөйлей келіп, Қазақстанның тәуелсіздік алған сәтінен бергі кезеңдегі негізгі экономикалық табыстары, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы аясындағы елдің әлемдегі 30 анағұрлым бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру жоспары, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген институттық реформалар, инвестициялық ахуалды жақсарту, қазақстандық экономиканы индустрияландыру мен жаңғырту жөніндегі қабылданып жатқан шаралар, «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру, Астана Халықаралық қаржы орталығын құрудың мақсаты мен міндеті, сондай-ақ, республиканың халықаралық ынтымақтастығы туралы әңгімеледі.

ҚР Ұлттық экономика министрінің АҚШ сауда министрінің орынбасарымен кездесуінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар, сондай-ақ, тұтас алғандағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Айрықша назар Қазақстанға PNTR мәртебесінің (permanent normal trade relations – тұрақты қалыпты сауда қатынастары) берілуі және Джексон-Вэник түзетуінің шегерілуі мәселесіне аударылды.

PNTR мәртебесі АҚШ-тың шетелдермен еркін саудадағы заңдық тануы болып табылады. Джексон-Вэник түзетуі – 1974 жылы АҚШ сауда туралы Заңына америкалық конгресмендер Генри Джексон мен Чарльз Вэник ұсынған, эмиграцияға кедергі келтіретін және басқа да адам құқығын бұзатын елдермен сауданы шектейтін түзету. Бұл түзету әрекеті негізінен КСРО-ге және соның салдарынан посткеңестік елдерге қолданылды. Ресейге қатысты 2012 жылы шегерілді.

Кейінірек Сүлейменов Moody’s, Fitch және Standard&Poor’s халықаралық рейтингтік агенттіктері өкілдеріне кәсіпкерлікті қолдауға, жекешелендіру мен салықтық заңнама рформаларына, Ұлттық қордың кепілдендірілген трансферттерінің біртіндеп азаюы, экономиканы долларландырудың төмендеуіне қатысты Үкімет тарапынан қабылданып жатқан шараларға олардың назарын аудара келіп, Қазақстанның 2017 жылғы І тоқсандағы макроэкономикалық жағдайы және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері динамикасы туралы баяндады.

Қазақстан қазіргі уақытта тәуелсіз несиелік рейтингтер позициясында  инвестициялық сенімділік деңгейін сақтауда. 2016 жылғы екінші жартыжылдықта Moody’s «Ваа3» бұрынғы деңгейінде қалған, осы жылғы сәуірде ұсынылған Қазақстанның несиелік рейтингін қайта қараған жоқ. 2016 жылғы қазанда Fitch Ratings ҚР рейтингін тұрақты болжамдағы «ВВВ» деңгейінде қуаттады. 2017 жылғы наурызда & Poor’s Global Ratings Қазақстанның шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақмерзімді және қысқамерзімді тәуелсіз рейтингін «ВВВ-/А-3» деңгейінде растады.      

ҚР Ұлттық экономика министрі сондай-ақ,  қаржылық қызмет көрсету саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылатын әлемдегі ірі және ежелгі банктік құрылымдардың бірі CitiBank басшылығымен кездесті.

Тимур Сүлейменов жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру барысы, оның мемлекеттің экономикадағы үлесін ІЖӨ-нің 15%-ына дейін төмендету мақсатын, сондай-ақ, мемлекеттік активтерді бәсекелестік ортаға шығару және жеке инвесторларды тарту есебінен Қазақстан экономикасының тиімділігін арттыру, IPO-ға анағұрлым ірі мемлекеттік активтерді шығару туралы баяндады.

Doing Business басшылығымен және командасымен кездесуде ҰЭМ министрі сұхбаттасушыларға құрылымдық реформалардың 5-пакетінің аяқталғандығы туралы және 6-пакеттің жұмыстары басталғанын, сондай-ақ, ҚР мемлекеттік органдары өкілдері жұмыс тобының Doing Business рейтинг индикаторлары бойынша бірқатар техникалық кездесулер өткізу үшін Вашингтонға алдағы сапары туралы хабарлады. Сүлейменов рейтингтің еліміз үшін маңыздылығын және оның реформалар жүргізуге және Қазақстанның бизнес-ахуалын жақсартуға оң әсер етіп отырғанын атап көрсетті.

Doing Business-тің ҚР-дағы ұлттық рейтингімен жұмыс істейтін өкілдер баға қою үдерістері туралы, жүргізілген жұмыстар және 2017 жылғы маусымдағы нәтижелерді таныстыру жоспарлары туралы әңгімеледі.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік банктің атқарушы директоры Вернер Грубермен, Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы Тобының аймақтық директоры Лилия Бурунчукпен, Дүниежүзілік банктің бас экономисі Пол Ромермен, сондай-ақ, Халықаралық Валюта Қорының директоры Мирослав Панекпен кездесулер өткізілді. Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу аясында Дүниежүзілік банк қарыздарын тарту арқылы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобаларға қатысты ағымдағы мәселелер, ынтымақтастықтың одан арғы келешегі, сондай-ақ, ағымдағы жылғы маусымда өткізілетін Дүниежүзілік банктің сессиясына дайындық мәселесі талқыланды.

Анықтама: Халықаралық Валюта Қоры және Дүниежүзілік банк Тобының жыл сайынғы және көктемгі жиындарында орталық банктер басшылары, қаржы және даму министрлері, жеке сектор басшылары, азаматтық қоғам және академиялық ортаның өкілдері жалпыәлемдік мүдде тұрғысында, оның ішінде әлемдік экономиканың болашағы, жаһандық қаржылық тұрақтылық мәселелері, кедейшілікті жою, жұмыспен қамту және өсім, экономикалық даму және тиімді жәрдемдесу мәселелерін талқылау үшін кездеседі. Бұл халықаралық БАҚ-та кеңінен жарияланатын жиындар сондай-ақ, азаматтық қоғам ұйымдарына өз пікірлерімен бөлісуге және жаһандық форумда директивті органдар өкілдерімен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. 

ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі

Жарияланды: 25 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту