Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Директорлар кеңесінің төрағасы А. Саркисян бастаған «Inalca Eurasia» трансұлттық компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстанда АӨК саласындағы бірқатар бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша «Inalca Eurasia» компаниясымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Анықтама:

1963 жылы негізі қаланған және «Cremonini Group» (Италия) құрамына кіретін «Inalca» итальяндық компаниясы көшбасшы және Еуропадағы сиыр етін негізгі қайта өңдеушілердің бірі болып табылады. Компанияның Еуропада, Африкада және ТМД елдерінде 14 өндірістік алаңы бар.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 25 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту