Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Жанжүменовтің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Онда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес міндетті сақтандырудың негізгі қағидаттарының бірі аударымдарды және (немесе) жарналарды міндетті төлеу қағидаттары, сондай-ақ мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ниеттес жауапкершілігі болып табылады. Заңда сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды төлеуден босатылған азаматтар санаты айқындалған. Аталмыш санатқа әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелері және республикамыздың Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери зейнеткерлері кіреді.

Әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне, әскери зейнеткерлерге медициналық көмек көрсету ведомстволық медициналық ұйымдарда (әскери госпитальдар мен лазареттерде) жүзеге асырылады. Қызмет өткеру немесе тұрғылықты жері бойынша ведомстволық медициналық ұйымдардың болмауы немесе онда тиісті бөлімшелер, мамандар немесе арнайы жабдық болмаған жағдайда медициналық көмек ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетіледі. Сонымен бірге, еліміздің барша азаматтары секілді әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне ақысыз медициналық көмек көрсету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың кепілді көлемін көрсетудің жалпы тәртібі таралатын болады.

Бүгінгі таңда құрамына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасының өкілдері кіретін ведомствоаралық жұмыс тобы мен «Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қабылданған заң жобасының қорытындысы бойынша көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен сапасы жақсаратын болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Жарияланды: 26 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту