Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен іс-шарада Дүниежүзілік Банктің инвестициялық ахуал мәселелері жөніндегі кеңсе басшысы Нимак Иван инвестициялар тарту бойынша Ұлттық инвестициялық стратегия жобасын таныстырды.

«Экономиканы әртараптандыру үдерісін жеңілдету үшін инвестиция түрлері өзгертілуі тиіс. Олар шикізаттық немесе табиғи ресурстарға ғана шоғырланбай, инвестициялардың басқа түрлеріне қарай жылжуы тиіс: сапалы және сандық. Біз экономикалық өсім мен жаңғыртуды қамтамасыз ету үшін әлдеқайда тиімді инвестицияларды іздейміз», – деп атап өтті өз баяндамасында Н.Иван.

Оның айтуынша, инвестициялар тарту және ұстап қалу бойынша Ұлттық стратегия Қазақстанда ТШИ әртараптандыру және тиімділікті арттыруға бағытталған қосымша құны жоғары инвестициялар үлесін арттыру бойынша Жол картасы болып табылады.

Дүниежүзілік Банк өкілі стратегиялық мақсаттарға өзара байланысты үш тәсілді пайдалану арқылы қол жеткізілетінін айтты: инвестициялардың жаңа түрлерін тарту, қазіргі ТШИ-ден түсетін пайданы арттыру, стратегиялық жекешелендіруді жүргізу және МЖӘ пайдалану.

Стратегияның басымдықтары ретінде Н.Иван үш бағытты белгіледі: инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша реформалар, халықаралық нарықтарда инвестицияларды ілгерілету және жайғастыру, жекешелендіру және МЖӘ.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 27 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту