Бүгін елордада ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасы талқыланды.

«Заң жобасын әзірлеуге ақпарат саласының мамандары, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғам өкілдерінің жан-жақты атсалысуына мүмкіншілік бердік. Сонымен жоба әзірленгеннен кейін көптеген талқылаулар мен қызу пікірталас болды. Бүгінгі таңда көпшіліктің ұсыныстары ескерілгеннен кейін қоғам енгізген бағыттар бойынша ұстанымыз бір арнаға тоғысты деп айтуға болады. Бұл ең алдымен қоғамдық бірлестіктер мен ақпарат құралдары өкілдерінің ашық диалогының арқасы деп білемін», - деді заң жобасын талқылауға арналған жиын барысында министр.

Оның атап өтуінше, заң жобасы көпшіліктің талқылауына шығарылғаннан бастап 50-ден астам ұсыныс түсіп, соның 70 пайызы енгізілген.

«Бүгінгі күні жоба Үкіметте қарастырылып жатыр. Жобада 250-ге жуық түзетулер қамтылған. Осы арқылы 4 кодекске пен 1 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылып отыр», - деді Абаев.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 27 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту