Үкімет отырысында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жыл сайын елімізде 4 мыңға дейін орман және дала өрттері тіркелетінін баяндады. Өрт ауданы 100 мың га дейін, оның ішінде ормандарда 4 мың га дейін жетеді. Өрт келтірген залал шамамен 230 млн теңгені құрайды.

«Ағымдағы жылдың басынан бастап орман қоры аумағында 67 өрт шығу оқиғасы тіркелген. Өрттердің аумағы өткен жылғы көрсеткіштерден 7 есе артық. Бұдан өзге, 1015 дала өрті тіркелген, бұл да өткен жылғыдан жоғары», - деп баяндады Қ. Қасымов.

Табиғи өрттерді уақытылы анықтау үшін ағымдағы жылдың басынан бастап өңірлерде «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-мен ғарыштық мониторинг қызметін көрсету бойынша келісімшарттар жасалды. Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге орман және дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша Ведомствоаралық жоспар бекітілді.

Ішкі істер министрі жазғы каникул басталысымен балалардың сауықтыру лагерьлеріндегі өрт қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінетінін мәлімдеді.

«Сонымен бірге, қазіргі уақытта әкімдіктер, орман иеленушілер, орман қорғау мекемелері және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің өрт қаупі маусымының басталуына дайындығы жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмей отыр», - деп түйіндеді Қ. Қасымов.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 30 мамыр 2017

Мұрағат

Мамыр
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту