ҚР Үкіметінің отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жоюға даярлық шараларын қабылдауды тапсырды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы, инвестициялар және даму министрліктеріне облыстардың, Астана мен Алматының әкімдіктерімен бірлесіп, қажетті шараларды қабылдап, еліміздің табиғат қорғау және орман мекемелерін техникалық-өрт сөндіру жабдықтарымен жарақтандыруды тапсырды.

Б. Сағынтаев қауіп орын алуы мүмкін өңірлерде өртке қарсы ерікті құрамалар мен бекеттер құру мәселесін қарауды тапсырды. Бұдан өзге, тиісті ережелерді сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев барлық жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге ІІМ әзірлеген шаралар жоспарын жүзеге асырып, балаларды сауықтыру лагерьлерін, шипажайлар мен демалыс орындарын өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етуді тапсырды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 30 мамыр 2017

Мұрағат

Мамыр
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту