ҚР ІІМ Қазақстанда орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды болдырмауға байланысты шаралар кешенін әзірледі. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин ҚР Үкіметіндегі баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

Юрий Ильин биыл жаз мезгілі өткен жылдармен салыстырғанда біршама құрғақ болады деп болжанғанын және солтүстік өңірлерде цельсий бойынша орташа температура 40-45 градусты құрауы мүмкін екенін атап өтті. Бұл сәйкесінше орман мен дала өрттерінің орын алуына ықпал етуі мүмкін.

Сондай-ақ, министрдің орынбасары ҚР АШМ Орман шаруашылығы комитетінің теңгеріміне еліміздің орман қорының 25%, ал қалған бөлігі – жергілікті атқарушы органдарға тиесілі аумақтар екенін айтты. Сол себепті де, ІІМ-нің негізгі міндеті өзара іс-қимылды ретке келтіріп, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен сапалы профилактикалық шараларды жүргізу болып табылады.

«Біз төтенше жағдайлар орын алған жағдайда, барлық министрліктер мен ведомстволардың қатысуымен шаралар кешенін іске қосатын боламыз. ІІМ суағар құрылғылары бар әуе көліктерін, ҚТЖ-мен бірлесіп өрт сөндіру пойыздарын даярлаған, сондай-ақ шұғыл әрекет ету үшін дала және орман алаптарын барлауға мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен орман қорғау қызметінің жұмыстары дайын», – деді Юрий Ильин.

Сонымен қатар, ол ауқымды орман алқаптары бар Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына және таулы жері басым Алматы облысына ерекше назар аударылатынын атап өтті.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 30 мамыр 2017

Мұрағат

Мамыр
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту