Бүгін, 31 мамырда, Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Doing Business» мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Бейінді ведомстволардың басшылары «Халықаралық сауда», «Құрылысқа рұқсат алу», «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосу», «Салық салу», «Төлем қабілетсіздігіне рұқсат», «Несиелер алу», «Кәсіпорындар ашу», «Меншікті тіркеу» индикаторлары бойынша «Doing Business» рейтингісінде Қазақстан позициясын жақсарту үшін қабылданған реформаларды іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Doing Business-2017» рейтингісінде Қазақстан 41-орыннан 35-орынға көтерілді. 2017 жылғы 27 ақпанда «Doing Business» рейтингісінде Қазақстан позициясын жақсарту бойынша түзетулердің бесінші пакеті қабылданды.

2017 жылғы 1-5 мамыр аралығында Вашингтон қаласындағы Дүниежүзілік банктің бас кеңсесінде Қазақстан делегациясы ҚР Үкіметінің ел позициясын жақсарту бойынша жүргізген реформаларын таныстырды. Қазақстан реформаларын талқылау мақсатында, «Doing Business» рейтингісінің барлық индикаторлары тұрғысынан Дүниежүзілік банк сарапшыларымен 11 кездесу өткізілді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 31 мамыр 2017

Мұрағат

Мамыр
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту