Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау үшін ТМД-дан бақылаушылар миссиясының басшысы ретінде Астанаға келген ТМД Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары Виктор Гуминскиймен кездесті.

Кездесу барысында Қ. Әбдірахманов Қазақстандағы сайлау науқанына жоғары кәсіби деңгейде бақылау жүргізгені үшін алғыс айтты. Ол алдыңғы сайлаулардағы бақылау қорытындысы бойынша ТМД Миссиясы сарапшыларының айтқан көптеген ұсыныстары елдегі сайлауды ұйымдастыру процесінде есепке алынады.

В.Гуминский, өз кезегінде Қазақстан Парламенті жоғарғы палатасын сайлауға елдегі барлық өңірлердің ұйымдастырушылық дайындық деңгейін жоғары бағалады. Сайлаудың Достастыққа қатысушы-елдер арасында жоғары қызығушылық тудырғанын атап өтті. Бұған халықаралық бақылаушылар санының көптігі дәлел бола алады - 177 бақылаушының 106-сы ТМД Миссиясы өкілдері.

ТМД Атқару комитеті төрағасының орынбасары атап өткендей, сайлау елдің Конституциясы мен сайлау заңнамасына сәйкес өтті және демократияның жалпы танылған нормаларына сәйкес келді, еркін және ашық болды. 

ҚазАқпарат

Жарияланды: 29 маусым 2017

Мұрағат

Маусым
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту