Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Тау-кен металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Отырыс барысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының тапсырмаларын орындау аясында әзірленген «Жер қойнауы туралы» ҚР жаңа кодексінің жобасы талқыланды, сондай-ақ, 2018 жылы Астанада өтетін Дүниежүзілік тау-кен конгресіне дайындық мәселелері қаралды.

Анықтама:

Дүниежүзілік тау-кен конгресі – әрбір 2-3 жыл сайын өткізілетін, ТКМ саласындағы ауқымды шара. ДТКК құрамына әлемдік деңгейдегі сарапшылар мен 49 елдің ғалымдары кіреді. Алғашқы конгресс 1958 жылғы қыркүйекте Варшавада (Польша) өткен.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 29 маусым 2017

Мұрағат

Маусым
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту