Алдағы уақытта Қазақстан мұнай-газ қоры бойынша есеп берудің xалықаралық стандарттарына көшеді. Сол кезде отандық және шетелдік компаниялар үшін есеп берудің жаңа үлгісі енгізіледі. Аталған шаралар «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс жобасына қарастырылған.

«Мемлекеттік бақылауда тек қауіпсіздік көрсеткіштері ғана қалады. Қазір де ондай көрсеткіштер бар. Жер қойнауын игеріп жатқан компания болса, экономикалық жағдайға қарай шикізатты өндіру көлемін өзі анықтайды. Мұнай ұңғымаларын көп сала ма, аз сала ма, оны өзі біледі. Біз өз тарапымыздан мұнай-газды өндіру көлемін бақыламаймыз. Бірақ жер қойнауын тиімді пайдалану жағын тексеріп отырамыз. Шикізатты қалай болса солай өндіруге, қоршаған ортаны ластауға жол бермеу керек. Мемлекеттік органдар осы мәселеге баса назар аударатын болады», - деді энергетика вице-министрі Маxамбет Досмұxамбетов бүгін кодекс жобасын талқылауға арналған жиында.

Оның айтуынша, геологиялық қорлар бойынша мемлекеттік сараптама қызметі қала береді. Себебі ондай қызмет жобалық-сметалық құжаттарды даярлауға қажет.

«Қазақстан жерінде ірі шикізат қорлары анықталса, қосымша инвестициялық міндеттемелер болады. Ол да кодекс жобасында көрсетілген. Ал 100 млн тоннадан аз болатын қорлар бойынша қосымша міндеттемелер болмайды. Ондайда инвестор емін-еркін шикізат өндіруді бастай алады», - деп атап көрсетті Досмұxамбетов. 

Айта кетейік, бүгінгі жиында вице-министр Маxамбет Досмұxамбетов жаңа кодекс жобасын жан-жақты таныстырды. Аталған құжат аясында жер қойнауын пайдалануға рұқсат беру жүйесін жеңілдету қарастырылған. 

ҚазАқпарат

Жарияланды: 30 маусым 2017

Мұрағат

Маусым
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту