Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ислам даму банкінің Президенті Бандар М. Х. Әл-Хаджармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ИДБ-мен экономикалық серіктестікті нығайту, «Бір белдеу, бір жол» экономикалық стратегиясы аясындағы ынтымақтастық, 2020 жылға дейін Орталық Азия елдері үшін ИДБ-нің арнайы бағдарламасының жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.

Бұдан өзге, ИДБ-нің Ғылым, технологиялар және инновациялар бойынша жаңа қорын, Астанада штаб-пәтерімен «Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ислам ұйымын» құру жобалары және исламдық қаржыландыру индустриясын дамыту тұрғысынан «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен елордада ислам қаржысының өңірлік хабын құру мәселелері қаралды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 09 қыркүйек 2017

Мұрағат

Қыркүйек
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту