Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Түркияның бизнес құрылымдарының өкілдерімен кездесу өткізді. Олардың ішінде «Calik Holding», «Yildirim Holding», «Yildizlar SSS Holding», «Agrobest Group» және т. б. ірі түрік холдингтерінің басшылары бар.

Кездесу барысында құрылыс материалдарын, машина жасау өндімдерін өндіру, химия өнеркәсібі, тау-кен-металлургия секторы, энергетика және агроөнеркәсіп кешені салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Анықтама:

Осы кезеңде ҚР-дан Түркияға экспорт 53,8%-ға өсіп, 563,3 млн АҚШ долларын құраған.

Түркиядан Қазақстанға тікелей инвестициялар ағымы 2005 жылдан бастап 2017 жылдың 1 тоқсаны аралығында 2,1 млрд АҚШ долларын құраған.

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы биылғы жылдың 6 айында 925,1 млн АҚШ долларын құраған, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішінен 36,1%-ға жоғары.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда түрік үлесінің қатысуымен 4114 заңды тұлға, бөлімшелер мен өкілдіктер тіркелген.

Бүгінгі таңда Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан – Түркия үкіметаралық комиссиясының белсенді қатысуымен жалпы сомасы шамамен 1 млрд АҚШ долларын құрайтын, 26 бірлескен инвестициялық жобадан тұратын «Жаңа синергия» атты ортақ экономикалық бағдарлама Хаттамасының жаңа жобасы бекітілді.

Жалпы алғанда, бүгінгі таңда қазақстандық-түрік инвестициялық бастамаларының жалпы пакеті жалпы сомасы 2,7 млрд АҚШ долларын құрайтын 70 жобадан тұрады, олардың 31-і іске асырылған, шамамен 40 жобасы жүзеге асырылуда әрі перспективалық болып табылады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 09 қыркүйек 2017

Мұрағат

Қыркүйек
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту