ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек индустрия бағытында жасалған қазақстандық-қытайлық келісімге сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Министр бұл туралы Астанада «Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекетік бағдаламасының іске асырылуы туралы» партиялық тыңдаулары барысында мәлім етті.

«Қазақстандық-қытайлық бірлесіп жасап жатқан индустриялдық бағдарламаның ішіне 51 жоба кіреді. Оның жалпы сомасы 27-28 млрд АҚШ долларын құрайды. Ол тізімнің жыл сайын өзгеретін түрі бар. Бір жағынан нарықтың жағдайы. Ол 52 жобаның бесеуі 2015-2016 жылдары іске қосылды. Бүгінгі күні жұмыс істеп тұр. Оның бірі «Сарыарқа автоөнеркәсіп» компаниясы, екіншісі «Тайынша Май» ЖШС. Тағы сол секілді басқа да жобалар бар. Бір апта бұрын осы мәселе бойынша Қытай үкіметімен кездескенбіз. Жеті жобаны бұл тізімнен алып тастап, оның орнына 7 жаңа жобаны қостық. Неге десеңіз, нарықтың жағдайына байланысты жобалардың ішінде металл бойынша жұмыстарды көздегенбіз. Алайда, инвесторлар бұл жобаларға келмей қалды. Оның орнына үлкен жобалар келді. Мәселен, «КОСКА» әлемдегі ірі теңізде жұмыс атқаратын контейнерлік компания. Ол «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнай экономикалық аймағына келіп, 49 пайызды алып жатыр. Ол мәселе біз үшін өте қуанышты. Өйткені, теңізде істейтін компания ол өзінің тауар айналымын Қорғас арқылы Ресейге бұрады. Тізім жыл сайын өзгеретін болады. Бірақ, қазірге айтарым - бес жоба қосылды, 13 жоба бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - дейді Жеңіс Қасымбек.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 21 қыркүйек 2017

Мұрағат

Қыркүйек
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту