Сейсенбі күні, 10 қазанда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметі отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

- ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы.

- Әлеуметтік көмек және халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңғырту.

- Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспар.

- Цифрлық экономикаға мамандарды даярлау және қайта даярлау мәселесі.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Үкімет отырысы мен баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, Facebook, Вконтакте, Twitter, Periscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 09 қазан 2017

Мұрағат

Қазан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту