Бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясы аясында ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Руслан Дәленов ағымдағы жылғы тоғыз айда инфляцияның төмендегені туралы баяндады, сондай-ақ министрліктің оның деңгейін одан әрі ұстап тұру бойынша жұмысы туралы айтып берді.

«Биыл инфляция деңгейі өткен жылға қарағанда төмен. 2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы қыркүйекке дейінгі инфляция деңгейі 4,2% құрады. Еске салсақ, 2015 жылғы желтоқсан-2016 жылғы қыркүйекте инфляция 5,6% құрады, яғни айырмашылығы – 1,4%», — деп хабарлады Руслан Дәленов.

Вице-министрдің айтуынша, төмендеуге бірнеше фактор әсер етті, оның ішінде ұлттық валюта бағамының ықпалы бар.

«Ең бастысы, өткен жылдары орын алған теңге бағамы бойынша түзету жасау. Биыл ол 2016 жылға қарағанда мықтырақ болды. Сол себепті, импортты тауарларға бағалар аз төмен қарқынмен өсті. Сәйкесінше, инфляция өткен жылға қарағанда төменірек болды», — деп атап өтті бірінші вице-министр.

Сонымен қатар, инфляция өсіміне жол бермеу бойынша негізгі шаралардың бірі ретінде Р. Дәленов бәсекелестікті дамытуды атады. Ол әділ бағаны қалыпты адал бәсекелестік жағдайында ғана ұстап тұруға болатынын баса айтты. Оның мәліметінше, бұл мәселеде екі бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Біріншіден, министрлік Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет түрінде баға келісімдерін бұлтартпау үшін тауар нарықтарына талдау жүргізеді.

«Айтарлықтай нәтижелер бар. Биыл тоғыз айда 164 зерттеу аяқталды, 796 млн теңгеге санкция салынды, 35 іс өндірісте», — деді Р. Дәленов.

Екіншіден, министрлік кәсіпкерлерге жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Атап айтқанда, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар жұмыс жасап жатыр. Электронды коммерция мәселелерін қоса алғанда, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша міндет қойылды. Р. Дәленовтың айтуынша, бүгінде желілік маркетинг пен цифрлық технологияларды заңсыз пайдаланатын көптеген бизнесмендер бар.

«Мұның бәрі жақсы деп есептейміз. Алайда, оларды заңды айналымға тартқымыз келеді. Сондықтан, салық кодексінің жобасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту негізгі бағыттардың бірі», — деп түйіндеді вице-министр.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 17 қазан 2017

Мұрағат

Қазан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту