ҚР ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясы аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытудың жаңа тетігі — бағдарламалық МЖӘ артықшылықтары туралы айтып берді.

Р. Дәленов ағымдағы жылдың басында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі нысандары бойынша ҚР ҰЭМ үлгілік құжаттар әзірлегенін хабарлады, олар инвесторларға жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастық орнатуда кездесетін нюанстар мен ықтимал жобалардың параметрлерін алдын ала есептеуге мүмкіндік береді.

«Жаңа тетікті бағдарламалық МЖӘ деп атадық. Оның мәні салалық бағдарламаларда жобалардың атаулары, бағалары және шарттары алдын ала жазылады. Бизнеске керексіз тұжырымдамаларды дайындау, керексіз сараптамадан өту қажет болмайды. Кәсіпкерлер қандай табысқа жетуді көздеуге болатынын алдын ала біледі, мысалға, МЖӘ келісімшарты бойынша балабақша мен аурухананы алатын болсақ», — деп түсіндірді вице-министр.

Ол бағдарламалық МЖӘ көпшілік офертасы түрінде жүзеге асырылатынын, ал келісімшарттарды жасаудың өзі өте қарапайым болатынын атап өтті.

Р. Дәленовтың пікірінше, бағдарламалық МЖӘ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының санын күрт арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ жекешелендіру бағдарламасын жеделдетеді. Бұл МЖӘ-ге беру мемлекеттік нысанды жеке қолға беру формаларының бірі.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 17 қазан 2017

Мұрағат

Қазан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту