2017 жылғы 18 қазанда «Этностық топтардың бейбіт қатар өмір сүруін қалыптастыру стратегиялары» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельм, Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мафаэль Рольф, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Германия Федералдық үкіметінің аз ұлттар істері жөніндегі уәкілі Хартмут Кошик, ҚХА мүшелері, ғылым мен шығармашылық саласының өкілдері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция шеңберінде этностық топтардың бейбіт, қатар өмір сүру стратегияларын қалыптастыру және дамыту мәселелері; қазақ тілінің латын графикасына көшуі; этностық топтардың өзара қарым-қатынас процесіндегі әлеуметтік медианың рөлі; сондай-ақ ұлтаралық қатынастың дамуына масс-медианың ықпалы мен рөлі және тағы басқа мәселелер талқыланды.

«Қазақстан әлемдік тәжірибеде ықпалдастық деп аталатын демократиялық модельді құрып, ол этникалық және азаматтық сәйкестіктің үйлесімділігі негізінде жасалуда», - деді өз сөзінде Дархан Мыңбай.

Іс-шара барысында Конрад Аденауэр атындағы қор өкілдігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

Халықаралық конференцияның ұйымдастырушылары мен серіктестері: Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 18 қазан 2017

Мұрағат

Қазан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту