ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Алматыға жұмыс сапары барысында бірқатар нысанда болды.

Министр «Алматы көпір құрылысы» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Еңбек кодексі мен ұжымдық еңбек шартын сапалы жүзеге асыру, кәсіподақ қозғалысындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар, «Кеңес» мүгедектер қоғамдық бірлестігі министрлік басшысына «Балалар денсаулығы дамуының бұзылуына ерте араласу - сәбилердің ауыр мүгедектігі мен ерте жетім қалуының алдын алудың кепілі» қанатқақты жобасын таныстырды.

Жоба барысында мүгедек бала өсіріп отырған 520 отбасы маман кеңесін алып үлгерді. Орталық мамандарының болжамы бойынша, жобаға қатысқан балалардың 70%-дан астамы, болашақта балалар бақшасы мен жалпы білім беретін мектептердегі қалыпты ортаға араласып кетуге толық дайын болады.

«Кеңес» орталығы психоневрологиялық ауытқуы бар балалар мен олардың отбасыларының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған әлеуметтік жобалар мен бағдарламалардың дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Тамара Дүйсенова орталықтың жұмыс нәтижесіне оң бағасын беріп, еліміздің өзге де өңірлерінде дәл осындай орталықтарды ашудың маңыздылығына тоқталды.

ҚазАқпарат  

Жарияланды: 25 қазан 2017

Мұрағат

Қазан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту