Елбасы тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Онда мемлекеттік бағдарламалар мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы міндеттерінің іске асырылу барысымен, сондай-ақ, өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін, әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту және бизнеске қолдау көрсету шараларымен танысады.

Премьер-Министр Ереван қаласында (Армения) өткен ЕҮАК жұмысына қатысқаннан кейін Ақтауға ұшып келді.

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары аясында өңірдің жұртшылығымен және активімен облысты дамытудың өзекті мәселелері бойынша, сонымен қатар «Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің мүшелерімен шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі бойынша кездесу өткізеді деп жоспарланған.

Бұдан өзге, ҚР Премьер-Министрі Құрық ауылындағы паром кешенінің жұмысымен және кешеннің екінші кезеңінің құрылыс барысымен танысады, онымен қоса әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралайды.

Облысқа келген бойда, 25 қазан күні кешке, Бақытжан Сағынтаев Ақтаудың шағын аудандарының бірінде «Жаңа Серпін» өңірлік бағдарламасын іске асыру аясында тұрғызылған жатақханаға барды. Аталған бағдарлама жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етіп, жұмыссыз халықтың еңбекке жұмылуына жәрдемдесуге бағытталған.

Бұдан кейін ҚР Премьер-Министрі «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттің қолдауымен тұрғызылған «Софи Мед Групп» ЖШС көпбейінді клиникасына барды. Бүгінде мұнда көптеген жалпы және бір жақты бейінді медициналық бағыттар бойынша қызметтер көрсетіледі.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 25 қазан 2017

Мұрағат

Қазан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту