ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Медициналық қызметтерге төлем жасау комитеті таратылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты.

«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің операторына айналады. Медициналық қызметтерге төлем жасау комитеті жойылады», - деді вице-миинстр.

Оның айтуынша, осыған байланысты 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін медициналық қызметтерді жоспарлау, сатып алу, сапасын бақылау бөлігінде барлық бизнес-процесстерді үйлестіру, денсаулық сақтау субъектілеріне медициналық қызмет үшін төлемдер жасау мәселелері әзірленетін болады.

«Бүгінгі күні денсаулық сақтау субъектілерінің базасы құрылды және қор тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу процедурасына кірісетін болады», - деді Ақтаева.

ҚазАқпарат 


Жарияланды: 27 қазан 2017

Мұрағат

Қазан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту